Кәсіпкерлерге арналған ашық есік күні
"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлік палатасының облыс бойынша аудандық филиалда аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының ұйымдастыруымен "Салықтар жайлы қарапайым тілмен" республикалық акция аясында ашық есік күнін өткізді. Ашық есік күніне кент кәсіпкерлері қатысты.
Басқарма басшысы Н.Нұрсейітов Президент Қ.Тоқаевтың қаулысымен 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий жариялағанын атап өтті. Сонымен қатар "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы Заңына жаңа өзгерістер орын алғанын айтты.
Кірістер басқармасының салық төлеушілерімен жұмыс бөлімінің бас маманы Жанар Қошқарбаева Салық кодексіндегі өзгерістерге тоқталып, салық төлеушілердің 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бақылау-кассалық машиналарын қолдануға өтуді қарастыратын норма күшіне енгенін ескертті.
Б.ТАҢАТАРҚЫЗЫ