Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЛАТЫНМЕН – ӨРКЕНИЕТКЕ

ЛАТЫНМЕН – ӨРКЕНИЕТКЕ


Болашақ ұрпақ латынмен жазатын болады. Бұл қадамға бару кеше немесе бүгін басталған жоқ. Елбасы осыдан бес жыл бұрын жариялаған Жолдауында, яғни «Қазақстан -2050» Стратегиясында: 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керек» деп мәлімдеген болатын. Бұл сөзін Елбасы биылғы « Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында нақты мақсаттар қойды.
Қоғамдық пікірмен санаса отырып, латын графикасына көшу кезең-кезеңімен іске асады. Биылдың өзінде латын әліпбиінің нұсқасы қабылданды. Ғалым, тіл білгірлерінің дайындаған нұсқасы сарапталып, ұсынылды. Неғұрлым тиімді, дыбыстық ерекшеліктері ескеріліп, қолдануға жеңіл деген нұсқа бекітілді. Бұл өз ретінде қазіргі заманда жаңа технологияларды меңгеруге, халықаралық ақпараттық жүйеге қосылуға жол ашады. Негізінен латын қарпі ата-бабамыздан қалған мұра екенін білген жөн. Мұрағат қорындағы көне жазбалар осыны дәлелдейді. Алаш арыстарының еңбегі, мерзімді басылымдар латын әліпбиімен жазылған. Рухани жаңғыруға жасалған қадамды қолдаған жұртшылық осы бастан машықтануға кірісіп те кетті. Әрине, жастар үшін қиындығы болмағынымен, кейбір дыбас­тарды таңбалауда іркілістер кездеседі. Себебі қазіргі қолданыстағы компьютер қаріптің жоғарғы жағына үтірді қоюға ыңғайсыз. Дегенмен келешекте бұл кедергілер жойылып, компьютерлер де ыңғайланатын болады. Жалпы оқулықтарды, кеңсе қағаздарын, мерзімді басылымдарды латынға көшіру алдағы жылдар еншісінде.
Елбасы Н.Назарбаев өзінің мақаласында: ... «Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол-әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақсат-міндеттері, басымдықтары мен оған жеткізетін жолдары бар. Мен көздеген жұмыстарымыздың бәрі де уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін» - деген болатын. Шын мәнінде келешектің кемелденуіне салынған жол, заманның талабы мемлекетіміздің өркендеуіне әкеледі.

Б.ЖАНӘЛІ
05 желтоқсан 2017 ж. 1 417 0