Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№45 газет

16 маусым 2026 ж.

№44 газет

13 маусым 2026 ж.

№43 газет

09 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Тегін оқу курсының екінші кезеңі бастау алды

Тегін оқу курсының екінші кезеңі бастау алды

Әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан жастарға әр түрлі бағытта ақысыз негізде оқу курстарын ұйымдастыру және Сыр жастарын тілдерді жетік меңгеруге бейімдеу мен білім сапасын жақсартумен қатар, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын үш тұғырлы тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында облыстық жастар ресурстық орталығының және «SpeakUp» оқу орталығы ұйымдастыруымен ТЕГІН оқу курсының екінші кезеңі бастау алды.

Бүгін курстың екінші кезеңіне алғашқы топтағы білім алушылар қатысып, дәріс алуда. Жалпы курстың екінші кезеңіне 25 бала қамтылған. Олар алдағы уақытта 2 топқа бөлініп, сабақ алмақ.

Оқытушы Гулзат Тастаеваның сөзінше, курсқа қатысушы балалардың алғашқы сабақтағы ынталары мен қызығушылықтары жоғары екенін байқаған.

Облыстық жастар ресурстық орталығы
18 тамыз 2021 ж. 385 0