Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№73 газет

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 газет

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 газет

19 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Өнерпаздар облысқа жолдама алды

Өнерпаздар облысқа жолдама алды

Кеше аудандық мәдениет үйінде облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ның ұйымдастыруымен облыстық «Сыр дарыны» жастар шығармашылығы байқауының аудандық іріктеу кезеңі ұйымдастырылып, өткізілді.

Айтыскер-ақын Нұрмат Мансұров, жыршы, өлкетанушы Берік Саймағамбетов және аудандық "Өнер" мектебінің оқытушысы Мінаш Ысқақ әділқазылық еткен байқауға 4 бағыт бойынша 28 сырдариялық жас қатысты.

Әділқазылардың шешімі бойынша үздік деп танылған: «Дәстүрлі ән» бағыты бойынша - Тәңірберген Орынбасар (Шіркейлі ауылы);  «Жыр-терме» бағыты бойынша - Жалғас Ернар (Аманкелді ауылы);  «Жазба ақындық өнер» бағыты бойынша - Опабеков Биболат (Шіркейлі ауылы);

«Айтыс» бағыты бойынша - Мансұров Нұрахмет (Тереңөзек кенті) облыстық кезеңге жолдама алды.

16 маусым 2021 ж. 668 0