Тұрғындар мәселелері басты назарда

Өз кезегінде ауыл тұрғыны Тереңөзек аудандық электр тарату торабының мамандарына қатысты шағымдарын білдірді.
Кездесуде аудан әкімінің орынбасары электр тарату торабының бас инженері С.Бегмановқа ауыл тұрғынының шағымында айтылғандай диспетчерлердің және электрик-монтерлардың тұрғындарға сөйлеу мәдениетін ұстану керектігін айтып, біздегі басты мақсат – тұрғындар тілегіне назар аудару қажеттігін жеткізді.
Электр желілеріне қатысты қандай да бір жоспарлы немесе жоспардан тыс жөндеу жұмыстары болған жағдайда алдын-ала барлық ауыл тұрғындары хабардар болуы қажет,- деді аудан әкімінің орынбасары Ғ.Еркебай.
Осыған байланысты ауылдық округі әкімдігінің әлеуметтік желілердегі парақшалары және Whatsapp желісі арқылы тұрғындарға алдын-ала хабармаларды тұрақты түрде жариялауды тапсырды.