Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 65 газет

30 тамыз 2025 ж.

№ 64 газет

26 тамыз 2025 ж.

№ 63 газет

23 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Сәкен Бибосынов жартылай финалында жеңіліп, қола медаль алды

Сәкен Бибосынов жартылай финалында жеңіліп, қола медаль алды

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының финалына шыға алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

52 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан Сәкен Бибосынов жартылай финалда ұлыбританиялық Джалал Яфаймен жұдырықтасты. Бірінші раундта Бибосынов нокдаун алып, қарсыласы басым болды. Дегенмен кейінгі раундтарда қазақстандық боксшы белсенді болды. Бірақ төрешілер 3:2 есебімен ұлыбританиялыққа жеңіс берді. 

Бұған дейін Бибосынов ширек финалда Испания боксшысы Габриэль Эскобарды жарыс жолынан шығарған. Ал 1/8 финалда француз Билал Беннамды сенімді жеңген. Алғашқы кезеңде Пуэрто-Рико өкілі Янкель Ривера Фигероамен жұдырықтасып, 4:1 есебімен басым түскен еді. 

24 жастағы Бибосынов - 2019 жылғы әлем чемпионаты мен 2021 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалда жеңіліп, қола медаль иеленген болатын. 

Еске салайық, қазір Қазақстан қоржынында төрт медаль бар. Бұған дейін дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын. Ал кеше боксшы Қамшыбек Қоңқабаев та жартылай финалда жеңіліп, қола жүлде алған еді.  
05 тамыз 2021 ж. 454 0