Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Токио Олимпиадасы: Данияр Қайсанов жартылай финалға шықты

Токио Олимпиадасы: Данияр Қайсанов жартылай финалға шықты

Қазақстандық Данияр Қайсанов Токио Олимпиадасының еркін күрес жарысында жартылай финалға шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

74 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Қайсанов ширек финалда мысырлық Амр Реда Хуссенмен белдесіп, 8:5 есебімен жеңіске жетті.

Бұған дейін Қайсанов 1/8 финалда Жапония чемпионы Кейсуке Отогуроны жеңген болатын.

28 жастағы Данияр Қайсанов 2019 жылы Азия чемпионы атанып, сол жылы әлем чемпионатында қола медаль иеленген. Былтыр да құрлықтық жарыста топ жарған.

Еске салайық, қазір Қазақстан қоржынында төрт медаль бар. Бұған дейін дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын. Ал кеше боксшы Қамшыбек Қоңқабаев та жартылай финалда жеңіліп, қола жүлде алған еді.
05 тамыз 2021 ж. 638 0