Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

№93 газет

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қоржында 3 қола

Қоржында 3 қола

Төрткүл дүние көз тіккен жазғы Олим­п­иада ойындары күн сайын қызықты оқиғаларымен есте қалуда. Қазақстан құрамасының спортшылары түрлі жа­рыс­тар бойынша бақ сынауда.

Әзірге ұлттық құраманың қоржынында 3 қола медаль бар. Байрақты бәсекенің екінші күнінде 60 келі салмақта татамиге шыққан дзюдошы Елдос Сметов алғашқы медальді қоржынға салды. Рио Олимпиадасында күміске қол жеткізген спортшы бұл жолы қоланы қанағат тұтты. Екінші айналымнан бастаған атлет түркиялық Аққұс Миражды ұтты. Ширек финалда Оңтүстік Корея өкілі Ким Вон Джуннан айласын асырған жерлесіміз жартылай финалда татами иесі Наохиса Такатоға жол берді. Ал қола үшін таласта Нидерландия спортшысы Торние Цакаджоені жеңді.

Теннистен Елена Ребакина үшінші айналымға өтті. Ерлер арасында Михаил Кукушкин Токио Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады. Ал боксшы 57 келідегі Серік Теміржанов пен 63 келідегі Закир Сафиуллин, 52 келідегі Сәкен Бибосынов келесі кезеңге өтті. Қазақстандық спортшылар садақ ату, суда жүзу, стенд ату, су добынан жеңіліс тапты. Үстел теннисінен Кирилл Герасименко алғашқы айналымда жеңіске жеткенімен, келесі кезеңде германиялық қарсыласына жол берді. Спорттық гимнастикадан Милад Карими үш санат бойынша финалға шықты.


Олимпиаданың үшінші күнінде ауыр атлет Игорь Сон ел қоржынына екінші қола медальді салды. Тартысты бәсекеде қазақстандық спорт­шы­ның жолы болды. Ол жұлқа көтеруде 1 рет қателескенімен, серпе көтеруде нәтижесін жақ­­сарта түсті. Осылайша, екі бағдарлама қоры­тындысы бойынша 294 ұпай жинаған спортшы қола медальға қол жеткізді.


– Токиоға дейін осынша салмақ көтерген емеспін. Демек, бұл – менің ірі жарыстарда көрсеткен ең жақсы нәтижем. Жаттығу залында қарсыластарды бақылап отырдық. Бас­ты қарсыласым зілтемірді қисайтып алған кезде де уайымым кете қоймады. Бәрі болуы мүмкін. Мен жұлқа көтеруден жақсымын, серпеден біраз қиындық бар, – дейді Олимпиада ойындарының жүлдегері.


Кеше ауыр атлет Зульфия Чиншанло ұлт­тық құрама қоржынына үшінші қола медальді салды. Қа­зақстандық спортшы 55 келіге дейінгі салмақта жарыс жолына шықты. Зілтемірші жұлқа көтеруде 90 келіні бағындырса, серпе көтеруде 123 келіні басынан асырды. Осылайша, қос сайыс көрсеткіші бойынша ауыр атлет қола медаль алды.
27 шілде 2021 ж. 465 0