Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Құнды байлықтарымызды бағалайық!

Құнды байлықтарымызды бағалайық!


Ауданымыздың орман-тоғайы мен жануарлар әлемін қорғау және күзету бағытында жұмыс жасайтын мемлекеттік мекемелердің бірі – Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі. Жыл сайын мекеме басшысы Жарбол Ешмахановтың бекітілуімен жасалатын мекеменің жылдық жоспарына басты қызметтерден бөлек ең бірінші табиғаттың құнды байлықтарын күзету мен қорғау болып табылады. Олардың бірі өзіміздің жерімізде өсетін киелі сексеуіл мен бағалы, дәрілік өсімдік - қызыл мия. Бүгінгі күні әлемдегі медицина мамандары қызыл мия тамырының емдік қасиетінің өте көп екендігін зерттеп, оған деген сұраныстың көбейіп отырғандығын байқатып отыр. Сол себепті заңсыз және жеңіл жолмен байығысы келетін отандастарымыз, тіпті шетел азаматтары да елге келіп осы өсімдіктің тамырын қазып алуға әрекет етуде. Уақытында орындалған тапсырмалардың арқасында, күнделікті қойылған талаптардың мерзімінде қадағалануының нәтижесінде ауданымызда Қызыл мия тамырының қорғалу дәрежесі жоғары деңгейде. Сондай-ақ ауданымыздың сахарасы – Қызылқұмда сексеуілдің қ,орғалуы жылда жоғарғы көрсеткішті көрсетіп отыр. Биылғы қыстың суық болуынан жақын аудандардың елді-мекендеріне дала еркесі ақбөкендер жақындап, оларды атып алу жағдайлары анықталды. Мекеме бойынша өткен жылдың қорытындысы және биылғы жылдың басынан бері ақбөкен аңын ату жағдайлары тіркелген жоқ.
Мекеме қызметкерлері қыста табиғатымыздың суығына, жазда ыстығына төзіп, өлкеміздің флорасы мен фаунасын күзету кезіндегі ерен еңбектерінің арқасында аудан көлемінде беделді. Әрдайым адал еңбек етіп, тер төккен қызметкерлерімізге сәттілік тілей отырып, болашақ ұрпаққа қалдыру мақсатында Сіздерді туған жеріміздің құнды байлықтарын сақтауға шақырамын.

Т.СӘтбаев,
Орман күзету және қорғау жөніндегі
патолог инженер
17 наурыз 2018 ж. 1 477 0