Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ШЫҒЫС ПУМАСЫ ЖЕР БЕТІНЕН ЖОЙЫЛҒАН ЖАН-ЖАНУАРЛАР ТІЗІМІНЕ ЕНДІ

ШЫҒЫС ПУМАСЫ ЖЕР БЕТІНЕН ЖОЙЫЛҒАН ЖАН-ЖАНУАРЛАР ТІЗІМІНЕ ЕНДІ


  Айрықша қорғауда болса да саны азайып бара жатқан жан-жануарлар жетерлік. Соның бірі – Шығыс пумасы болатын.
    АҚШ-тың Балық қоры мен жабайы жануарларын қорғау қызметі ғылыми және сауда ұйымдары ақпаратына сүйене отырып, Шығыс пумасын жер бетінен жойылған жыртқыштардың тізіміне қосты. "Puma concolor" деп аталатын Шығыс пумасын зоолог мамандар күні кеше емес, біршама уақыт бұрын жойылғанын алға тартады. Тіпті кей зерттеушілер мысық тұқымдас бұл жыртқыштың 1930 жылдары жойылғанын айтады.
     Әйтсе де Шығыс пумасы жойылған аңдар тізіміне енбей келген еді. Шығыс пумасын америкалық зерттеушілер 1938 жылдан бері бақылауға алған. Одан бергі аралықта табиғатта кездесетіні жайлы ұстанымда болған. Жақында ғана жабайы жануарлар мен аң-құстарды тіркейтін АҚШ-тың федералды тізімінен аталған жыртқыш сызылып тасталып, жойылған жануар болып заңдастырылды.
    Бұл заң 2018 жылдың 22 ақпанында күшіне енеді екен. Шығыс пумасы кездесуі мүмкін аймақтың бірі – Канада мемлекеті. Үйеңкі жапырақты елдің табиғатты қорғау саласындағы мамандары бұл жыртқышқа қатысты деректер мен зерттеулерін әлі жариялаған жоқ.
    Massaget.kz

08 наурыз 2018 ж. 1 877 0