Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Алимент төлемегені үшін қамаққа алынды

Алимент төлемегені үшін қамаққа алынды

Сырдария аудандық сотында онлайн желісі арқылы азамат И-қа қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, борышкер И. өндіріп алушы Д-ның пайдасына үш балаға төлеуге тиіс алиментті 2018 жылдың наурыз айынан бері төлемеген.

Сот орындаушысының 2021 жылғы 5 қаңтардағы қаулысына сәйкес 4 179 168 теңге алименттен берешек қалыптасып, Қызылорда қалалық сотының 2016 жылғы 16 тамыздағы сот бұйрығының талаптарын орындамаған.

Сот қаулысымен азамат И. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылды.

М.Асан,
Сырдария аудандық сотының жетекші маман-баспасөз хатшысы
05 ақпан 2021 ж. 734 0