Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Баға тұрақтылығы: нәтижелі жұмыс жасалуда

Баға тұрақтылығы: нәтижелі жұмыс жасалуда

Аймақта сәбіз және картоп бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу үшін облыстың тұрақтандыру қорынан тауарлық интервенциялар жүргізу, заем беру арқылы шаралар қабылдануда. Мәселен, облыс нарығында картоп 140-150 теңгеден сатылуда. Ал сәбіздің құны 215-220 теңгені құрайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз конференциясындаоблыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Айнұр Тлеулеева мәлімдеді.

– Баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында облыстық бюджеттен 1 234,5 млн. теңге бөлініп, оның 834,5 млн. теңгесі тұрақтандыру қорына өнім сатып алуға, 399,4 млн. теңгесі кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беруге бағытталды,-деді Айнұр Маратқызы.

Сонымен қатар, аймақтың тұрақтандыру қорында 1069,4 тонна өнім бар.

-Облыста 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары белгіленген бағада сатылуда. Қазіргі таңда, тұрақтандыру қорына 102 тонна өсімдік майы және 68 тонна қарақұмық жармасын сатып алу мақсатындаашық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу рәсімі жүргізілуде. Сондай-ақ,биыл бес әлеуметтік дүкен пайдалануға берілсе, жыл аяғына дейін қосымша 5 дүкен ашылады,-деді «СПК Байқоңыр» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Талғат Жақыпбаев.

– Халық көп баратын негізгі базарлар мен ірі сауда орталықтарында тауарлардың бағасын негізсіз өсірмеу туралы күнделікті түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Айта кететін жайт, Қызылорда қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес облыстағы базарлар демалыс күндері жұмыс істемейді. Сол себепті кәсіпкерлер жұмыс күндері ғана сауда жасай алатынын ескертеміз,-деді облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Мұрат Тасқараев.
29 шілде 2021 ж. 511 0