Қызылордада әлеуметтік маңызы бар өнімдердің қоры жеткілікті

«Сауда орындары мен олардың қоймаларында және тұрақтандыру қорында 11 654,0 тонна әлеуметтік маңызы бар өнімдердің қоры сақталып, сатылуда. Оның ішінде, «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ның тұрақтандыру қорында 3 483,3 тонна өнім бар»,-деді сала басшысы.
Сонымен қатар, облыстар арасында жүк тасушы көліктер бірлігі қатынап, көкөніс және басқа да азық-түлік өнімдері кедергісіз тасымалдануда.
Бұдан бөлек, пияз, қырыққабат, картоп, сәбіз өнімдері отандық тауар өндірушілерден сатып алынуда.