Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Аудан әкімінің орынбасары тағайындалды

Аудан әкімінің орынбасары тағайындалды

Аудан әкімі Р.Рүстемов аппарат мәжілісінде кадрлық тағайындаулармен таныстырды.
Атап айтқанда, аудандық бірыңғай конкурстық комиссияның оң қорытындысы негізінде Сырдария ауданы әкімінің 2020 жылғы 14 ақпандағы №50-Ө Өкімімен Нұртазаев Талғат Мейрамханұлы Сырдария ауданы әкімінің орынбасары  қызметіне тағайындалды.
Талғат Нұртазаев 1984 жылы Сырдария ауданында дүниеге келген. 2005 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «экономист» мамандығы бойынша, 2012 жылы «Болашақ» университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы Сырдария ауданы Қалжан ахун ауылдық округі әкімі аппаратында салықшы қызметінен бастаған. 2007-2014 жылдары Сырдария аудандық қаржы бөлімінің инспекторы, бас маманы, 2014 жылдан осы уақытқа дейін Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының бақылаушысы, мемлекеттік аудиторы жауапты қызметтерін атқарып келген.
«Жаңадан тағайындалған мемлекеттік әкімшілік лауазым иелері өздерінің кәсіби дайындығын, тәжірибесін және білімін пайдалана отырып, жауапкершілігі жоғары міндеттерді мінсіз атқарады деп сенім білдіреміз», деді аудан басшысы.
26 ақпан 2020 ж. 2 417 0