Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Аудан әкімі Тереңөзек кентін аралады

Аудан әкімі Тереңөзек кентін аралады

Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев Тереңөзек кентін аралап, тұрғындар көтерген мәселенің мән-жайына қанықты. Аудан орталығындағы Б.Момышұлы көшесіне барып, «Майжарма» каналы бойындағы жолды көрді. Ерте көктемде кент орталығымен өтетін «Майжарма» каналынан су алатын шаруашылық тереңдетіп қазу жұмыстарын жүргізген. Соның салдарынан жиекке шығарылған топырақ осы күні шаңданып, тұрғындарға кері әсерін тигізуде. Осыны көрген аудан басшысы канал жиегін тегістеп, жолға қиыршық тас төсеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Мұнан соң жеке кәсіпкер Ж.Мырхиевтың бос тұрған кәсіпкерлік нысанын аралап көрді. Осыдан біршама уақыт бұрын жаңадан салынған ғимарат – кәсіпкерлік бағытында, оның ішінде сауда-саттық жұмыстарын жүргізуге таптырмас нысан. Осыны бағамдаған аудан әкімі М.Ергешбаев тиісті сала басшысына облыс орталығындағы кәсіпкерлерге ұсыныс айтып, көтерме сауда орнын жасау бағытында жұмыс жасауды жүктеді.

Аудан басшысы 135 гектарды құрайтын жаңа қоныстану аймағына да арнайы барды. Бүгінгі күні бұл маңға электр желілері орнатылып, ауыз су жүйелері жүргізілген. Енді алдағы уақытта қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілсе, бұл жерлерге тұрғындар қоныстана бастайтынын айтты.
13 шілде 2021 ж. 705 0