Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Құрметті журналисті» мерекемен құттықтады

«Құрметті журналисті» мерекемен құттықтады

Бүгін аудан әкімі Мұрат Ергешбаев «Қазақстанның Құрметті журналисті», «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» Мұхтар Сақтаповты кәсіби мерекемен арнайы құттықтап барды. Ардагер журналистің еліміздің, оның ішінде ауданның баспасөз саласындағы қажырлы еңбегін атап, зор ризашылығын білдірді.

– Бұқаралық ақпарат құралдары – еліміздің руханиятын, мәдениетін көтеріп, тыныс-тіршілігін көрсетіп, жағымды жаңалықтармен сүйіншілейтін біздің ең жақын серігіміз. Мемлекеттік саясатты, аудан тынысын ақпараттандыруда БАҚ өкілдерінің орны ерекше. Міне, осы салада қажырлы еңбек етіп, ауданның дамуына зор үлес қосып, бүгінде саланың ақылшы ардагері, құрметті қаламгері атанып отырсыз. Көптеген шәкірттер тәрбиелеп, қазіргі таңда олар Сіздер салған жолды лайықты жалғап келеді. Сондықтан да Сізге деген құрметіміз ерекше, – деген Мұрат Нәлхожаұлы қарымды қаламгерге сый-құрмет көрсетті.

Өз кезегінде ауданның бас ақыны саналатын Мұхтар Сақтапов журналистер қауымының жұмысы қызық әрі күрделі екенін атап, арнайы сый-құрмет көрсеткен аудан басшысына алғысын жеткізіп, ақ батасын берді.
28 маусым 2021 ж. 450 0