Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Паралимпиада чемпионы атанған қазақстандық спортшы: “Алтынға” көңілім толмай тұр

Паралимпиада чемпионы атанған қазақстандық спортшы: “Алтынға” көңілім толмай тұр


Александр Колядин 1973 жылы 20 ақпанда дүние келген. Қостанай облысының Сарыкөл ауданының тумасы. 1997 жылы 3-дәрежедегі мүгедектік алған. Аяғында протезі бар.

2011 жылдан бастап парашаңғы жарысымен айналысады. Ол кезде бапкері Н. Степин болды. Ал, 2014 жылдан бастап Василий Коломиец жаттықтырып келеді, деп жазады baq.kz.
Александр Колядин 2014 жылы Сочиде өткен қысқы Паралимпиада ойындарына, Әлем кубогінің 8 кезеңіне және бір рет Әлем чемпионатына қатысқан.
Бұған дейінгі ең үздік жетістігі – Германияда өткен Әлем чемпионатындағы 6-орын.
Ол 80 жылдары ҚазССР жастар құрамасы үшін шаңғы жарысына шыққан.
Диплом бойынша мамандығы – автокраншы.
Айта кетейік, бүгін қазақстандық параатлетші Александр Колядин Пхенчхандағы қысқы Паралимпиада ойындарында алтын медаль алды. Бұл – еліміздің қысқы Паралимпиада тарихындағы алғашқы алтын жүлде.
14 наурыз 2018 ж. 955 0