Күрішті толық суға бастырады
Жалағаш ауданы бойынша биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 36750 гектар алқапқа егіледі. Оның 20 400 гектарына күріш орналастырылуда. Аудан шаруалары он күндікте Сыр салысын толық суға бастырады.
- Биыл су көлемі 1002,337 млн текше метр. Оның ішінде егінге пайдаланатыны 845,190 млн. текше метрді құрайды. Қазіргі таңда барлық каналдар бойынша секундына 82-83 текше метр су көлемі келуде. Су тапшылығын болдырмау мақсатында ауданда 1200 гектар күріш дақылының көлемі қысқартылып, оның орнына суды аз қажет ететін дақылдар орналастырылды, - деді Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Алтынбек Дәрібаев.
Шарушылық басшылары егілген егінді сумен қамтамасыз ету үшін 48 дана әр түрлі қуаттағы насос қондырғыларын іске қосып, егілген егінді суға бастыру бағытында жұмыс жасауда.
- Бүгінгі мәлімет бойынша, Шардара су қоймасына секундына 87,3 текше метр су түсуде. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 26,7 текше метрге кем. Қоймадағы су көлемі 4077 млн. текше метр. Ал қоймадан төменге секундына 200 текше метр су жіберілуде. Ал Көксарай су реттегішіндегі су көлемі 877,6 млн. текше метр, төменге секундына 340 текше метр су жіберілуде. Шардара мен Көксарайдағы су көлемі 4954,7 млн. текше метр. Қазіргі таңда Сырдария өзенінің төменгі ағысына секундына 590 текше метр су жіберілуде, - деді облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Оспанов.
Жалағаш ауданындағы егістікке Сол жаға магистралді және Айтек каналы арқылы арқылы су берілуде.
- Сол жаға магистралді каналы арқылы егістікке 94,35 текше метр су алынуда. Қазір Қызылорда қаласы мен Сырдария ауданында күріштікті суға бастыру жұмыстарының аяқталуына байланысты сол жаға магистралді каналының бойында орналасқан ПК-899 бекетінің жоғарғы бьеф деңгейі рейка көрсеткіші 134-тен 147-ге көтерілді. Енді жетіспей тұрған егістіктерге су жіберуге болады. Жалпы қазір ахуал тұрақталып келеді, - деді «Казсушар» РМК Кызылорда облыстык филиалы директоры Айдос Асанбаев.