Аудан әкімінің құттықтауы
Қымбатты балалар мен ата-аналар!
Баршаңызды «1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен» шын жүректен құттықтаймын!
Ата-ананың ең үлкен бақыты – баланың жақсы азамат болып қалыптасуы болса, мемлекетіміздің де басты мақсаты – ел тізгінін ұстайтын білімді де патриот ұрпақ тəрбиелеу. Сондықтан бала қуанышын бағына балаған ата-ана үшін де, қоғам үшін де бұл мерекенің мəні мен маңызы зор.
Біз қай заманда да білімге құштар, жақсылыққа ұмтылған халықтың ұрпағымыз. Балаларға сапалы білім бере отырып, өз Отанын қастерлей білетін азамат ретінде тəрбиелеу – келешектің кемел болуының айғағы. Сондықтан бүгінгі Тəуелсіз елдің ұрпағы заманауи білімді игеріп, елдің дамуына өзіндік үлес қосу керек. Бұл бағытта мемлекет тарапынан зор қолдау бар.
Бала – адамның бауыр еті. Əрбір ата-ана өз баласын жарық дүниеге əкелген сəттен бастап оған барлық жүрек жылуын, ата-ана қамқорлығын сыйлап, болашақта сол баланың өмірде өз орнын тауып, қалыптасуына ықпал етеді.
Боламын деген баланың бетінен қақпай, белінен буатын дана халқымыз ұрпағына тағылымды тəрбие беріп, кішіпейілділікке баулып өсірген.
Халқымызда «Адам ұрпағымен мың жасайды» - деген қанатты сөз бар. Өсіп келе жатқан балаларымыз жақсы білім алып, келешекке нық қадам бассын!
Қадірлі жас достар! Сіздердің заманауи білімді игеріп, еліміздің өркендеуіне үлкен үлес қосар азамат болуларыңызға тілектеспін. Елдік мақсатмұраттарымыздың қастерлі жолын жалғап, мерейін үстем етеді деп сенемін.
Жазғы демалыстарыңызды жақсы өткізіп, игі арман-тілектеріңіз орындалсын.
Құрметпен, Мұрат Ергешбаев, Сырдария ауданының əкімі