Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы

Аудан әкімінің Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы

Ардақты ардагерлер!
Қымбатты Отан қорғаушылар!
Сіздерді батырлық пен ерліктің, шыдамдылық пен төзімділіктің мерекесі болған – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – мемлекеттің, қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін, Отанымыздың тыныштығын қорғап жүрген еліміздің ер азаматтарын ұлықтайтын, құрметтейтін күн. Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Тәуелсіз елімізге қалтқысыз қызмет ету және оны қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы.
Кез келген мемлекет үшін елдің қауіпсіздігі мен тыныштығы басты орында. Сондықтан да тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап ел қауіпсіздігін сақтауға баса назар аударылып, мемлекетіміздің шекарасы белгіленіп, әскеріміз жасақталды. Бүгінде Қазақстанның Қарулы Күштері әлемдік стандарттарға сай, ең мықты және заманауи үлгідегі әскери техникамен қаруланған.
Елімізде Отан қорғаушылар мерекесі Ұлы Жеңіс күні қарсаңында атап өтілетіні бекер емес. Себебі, бұл күн – ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісі болған, отты жолдарымен өткен ержүрек жауынгерлер алдында тағзым ететін күн. Кешегі жаһан соғысында Отан үшін отқа түскен қаһармандардың биік тұлғаларын ардақ тұтып, есімдерін естен шығармау – бүгінгі ұрпақтың парызы.
Қаһарман батыр Бауыржан Момышұлы «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген өшпес өсиет қалдырды. Осындай өсиет әрбір Отан қорғаушының жүрегінен орын алып, мәңгілік ұранына айналуы тиіс.

Қадірменді ардагерлер, сарбаздар!
Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтай отырып, баршаңызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбастарыңызға амандық тілеймін!
Еліміз аман болсын! Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!

Құрметпен,
Талғат ДҮЙСЕБАЕВ,
Сырдария ауданының әкімі
07 мамыр 2021 ж. 1 834 0