Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№23 газет

31 наурыз 2026 ж.

№22 газет

28 наурыз 2026 ж.

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Аманкелді ауылы күл-қоқыс қоймасы емес

Аманкелді ауылы күл-қоқыс қоймасы емес

Жұмыр жерді мекендейтін сан-мыңдаған тіршілік атаулының ішінде Жер-анаға адам баласынан артық қиянат жасайтын жан иесі жоқ екен. Басқасын былай қойғанда, саналы тіршілік иесінің күнделікті өмір қажеттілігінен артылған тұрмыстық қалдықтары мен күл-қоқысы ортақ мекенімізді аяусыз ластап жатыр.

Бұл күнде қоршаған ортаның тазалығы үшін жанашырлықпен еңбек етіп жатқан жандардың еңбегі ақталмай келеді.
Себебі, көктем туа салысымен басталатын сенбіліктер кезінде елді-мекендер айналасы күл-қоқыстан тазартылады.

Өркениетті қоғамның белсенділері туған жердің төсін күл-қоқыс қоймасына айналдырып алмау жолында жанталаса қарекет жасап жатыр. Осыған қарамастан қайта тасталған қоқыс қалдығы көбеймесе азаяр емес.

Құрметті ауыл тұрғындары!
«Бұлақ көрсең, көзін аш» деген бабалардың қасиетті қағидасына адалдық танытып, жомарт даламызды күл-қоқыстан тазартып, тынысын ашуымыз қажет.

Ол үшін тым қарапайым қағида: үйден шыққан күл-қоқысты кез-келген жерге тастамау, арнайы белгіленген жерге апару.

Апта өтпей қайта тасталған қоқыс қалдығы желмен ұшып, ауаны ластайды. Ал, ол ауамен Сіз бен Біз және ұрпағымыз тыныстайды, табиғат зардап шегеді.

Ойланайық, айналамыз күл-қоқыс қоймасы емес. Қайта сол табиғат жанашырларының қатарынан Сіз де табылыңыз, өз еркіңізбен сенбілікке шығып, қоршаған ортаның тазалығына атсалысыңыз.

Ауыл әкімі Мейрамбек Нұрғалиевтің тапсырмасына сәйкес ауылды күл-қоқыстан тазартып, қоқыстар арнайы орынға жеткізілді.

Көпшілік ауыл тұрғыны Аманкелді Қоянбаевқа шынайы алғысын білдіреді.

28 мамыр 2021 ж. 604 0