Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Еріктілер түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Еріктілер түсіндірме жұмыстарын жүргізді

«Су – тілсіз жау» дейді халқымыз. Жаз маусымында суға түсушілер қатары көбейіп келеді. Ауыр апатқа ұшырамас үшін адамдар арасында қауіпсіздік шарасы күшейтілуі тиіс. Суға кету оқиғаларын болдырмау мақсатында тиісті сала мамандары қатаң ережені бекіткен. Күнделікті тұрғындар үшін су айдынында шомылуға арналған нұсқаулықтар таратылуда. Бұл ретте аудандық Жастар ресурстық орталығы мен төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен суға түсу кезіндегі қауіпсіздік шарасы өткізілді.

Шараның негізгі мақсаты – суға түсу маусымында қайғылы жағдайларды болдырмау және суға шомылу ережелерін көпшілікке таныс­тыру болып табылады. Белгіленбеген орындарда суға түсу қауіптілігіне байланысты аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы А.Оразбеков арнайы нұқсаулықтарды атап өтті. Сонымен бірге ауданның ерікті жастары су айдарында балық аулау және шомылу үшін келген адамдарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ауданға қарасты Тереңөзек кенті және Қалжан ахун, Сәкен Сейфуллин ауылының шет аумағында орналасқан су айдындарының қауіпсіздігі бақылауға алынды.

Негізінен аудан тұрғын­дары судағы қауіпсіздік талаптарын сақтамаған жағ­дайда Қазақстан Респуб­ликасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің №364, 440, 412 бап­тарымен әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген. Жаз маусымында қайғылы жағдай орын алмас үшін жастар мен жасөспірімдердің суға түсуіне шектеу қойылуы тиіс. Ересек адамдар балық аулау ережелерін қатаң ұстанғаны абзал. Мұндай тілсіз жауға қарсы арналған жұмыстар алдағы уақытта ерікті жастар тарапынан жалғасын табатын болады.

Балтабай ОРДАБЕКОВ 
04 тамыз 2020 ж. 738 0