Ахуал қалыпқа түспей тұр

Қазір аймақта облыстық санитариялық бас дәрігерінің №14 Қаулысы бойынша карантиндік шектеу талаптары сақталуда. Онда көпшілік жиындарды өткізуге тыйым салынған. Ал кәсіпкерлік нысандар жұмысына карантиндік талаптарды сақтай отырып, жұмыс істеуге рұқсат етілген.
Аудан он шақты күннің көлемінде «жасыл» аймақта. Эпидахуал тұрақтала бастаған соң кәсіп иелерінің жұмысы штаттық режимге көшірілді. Алайда, бұл тоқмейілситін уақыт емес екенін тұрғындар түсінгені жөн. Өйткені, жақындарымызға жанашырлық танытпай, сақтық шараларына мән бермесек, індет босаңсығанды кешірмейді. Сол себепті де қазіргі таңда маскалық режим мен арақашықтықты сақтап, өзімізбен қатар өзгенің денсаулығына алаңдаушылық білдіру керекпіз.
Айта кету керек, 2021 жылғы 24 мамырдағы жағдай бойынша ауданда індет жұқтырғандар саны 219-ға жетті. Олардың ішінде, емделіп шыққан науқастар саны 210-ды құрады. Бүгінгі таңда ауданға «Hayat» вакцинасының 500 дозасы жеткізіліп, екпе салу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, осы күнге дейін 5 мыңға жуық сырдариялық вакцина қабылдады.
Ердос БЕРКІНБАЕВ