Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » "Борышкер" рейдтік іс-шарасы жүргізілді

"Борышкер" рейдтік іс-шарасы жүргізілді

Бүгін аудан көлемінде Қызылорда облысы прокурорының орынбасары Н.Е.Ермановтың үйлестіруімен Сырдария аудандық прокуратурасымен, Қызылорда облысының жеке сот орындаушылар өңірлік палатасы, Сырдария ауданы бойынша жеке сот орындаушылары және аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, «Борышкер» рейдтік іс-шарасы жүргізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекет пайдасына және алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлерден қаржы өндіру. Осы бағыттағы рейдтік іс-шара нәтижесінде 3 автокөлік айып алаңына қойылып, 208 350 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл өндірілді.

Ағымдағы жылы сот орындаушылардың өндірісінде мемлекет пайдасына қаржы өндіру бойынша 76,3 млн теңге қарыз қалыптасып, аудандық прокуратураның ықпалымен 14,8 млн теңге мемлекет пайдасына нақты өндірілген. Сонымен қатар, алимент өндіру бойынша өндірістегі 24 млн теңге қарызды құрайтын 14 проблемалық борышкер түгел жұмыссыз есебіне қойылған. Биыл алимент төлеуден жалтарған 7 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылған.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
19 мамыр 2021 ж. 454 0