Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан тұрғындарының назарына!

Аудан тұрғындарының назарына!


Көктем мезгілі баршамызға қуаныш силайтыны анық. Себебі күн жылып, жерге көк шығып дала әсемдене түседі. Алайда көктем мезгілінде төтенше жағдайлардың болу қауіпі жоғарылайды. Соның бірі Сырдария өзеніндегі мұз еріп сең жүру кезеңі. Осы кезеңде мұздар кептелісіп, өзендегі су денгейі жоғарылап өз арнасынан тасу қауіпі өседі.
Сонымен қатар, «Казгидрометтің» мәліметіне сәйкес, 2018 жылдың наурыз-сәуір айлары жаңбырлы болады. Сондықтан ауданымыздың кей жерлерін су басу қауіпі жоғарлайды.
Аудан бойынша су алу қаупіне Тереңөзек кенті, Н.Ілиясов, Қалжан ахун елді мекендері мен А.Тоқмағамбетов ауылдық округіне қарасты саяжай жатқызылған.
Су тасқыны қауіпі туындаған жағдайдағы іс-әрекеттеріңіз:
- төтенше жағдайлар туралы және іс-әрекет жасау ережелері туралы ақпаратты мұқият тыңдаңыз, телефонды қажетсіз қолданбаңыз, ол сізбен байланысу үшін бос болу керек;
- сабыр сақтаңыз, көршілеріңізді ескертіңіз, мүгедек адамдарға, балаларға және қарт адамдарға көмек көрсетіңіз;
- Сырдария өзені бойына жақын орналасқан жеке шаруашылықтағы малдарыңызды қауіпсіз аймаққа көшіріңіз;
- әкімдіктен тұрғындарға эвакуация жасау үшін жиналатын жерді сұрап біліңіз және оған дайын болыңыз;
- құжаттарыңызды, киімдеріңізді, ең қажет заттарыңызды, бірнеше күнге азық-түлік қорын, дәрі-дәрмектеріңізді дайын ұстаңыз. Барлығын шабаданға немесе сөмкеге салып қойыңыз. Құжаттарыңызды су өткізбейтін пакеттерде сақтаңыз.
- барлық электр құралдарын тоқтан айырыңыз, газды сөндіріңіз.
- құнды заттарыңызды және азық-түліктеріңізді жоғарғы қабатқа немесе жоғары сөреге көтеріңіз.
Су тасқыны кезінде кенет су басу аймағындағы іс-әрекеттеріңіз:
- сабыр сақтаңыз, үрейленбеңіз;
- тез қажетті құжаттарыңызды, құндылықтарыңызды, дәрілеріңізді, азық-түлік және басқа да қажетті заттарыңызды жинаңыз;
- балалараға, мүгедек адамдарға және қарт адамдарға көмек көрсетіңіз, олар эвакуациялауға бірінші жатады;
- мүмкіндігінше тез арада су басу аймағынан шығыңыз;
- үйден шығар алдында электр және газбен жабдықтау торабынан ажыратыңыз, пештегі отты өшіріңіз. Есік және терезелерді жабыңыз, уақыт болса – бірінші қабаттағы есік және терезелерді тақтаймен (қалқан) бекітіңіз;
- жоғарғы қабаттарға көтеріліңіз. Егер үй бір қабатты болса – шатырдың астында болыңыз.
- көмек келгенше жоғарғы қабаттарда, төбелерде, ағаш немесе басқа да жоғарлықта болыңыз, мүмкін болса ұялы телефонмен хабарласыңыз, құтқарушыларға сізді мүмкіндігінше тез табу үшін белгі беріңіз.
- байқаңыз, жақын жерде зардап шеккендер болса, оларға мүмкіндік болса көмек көрсетіңіз.
Есіңізде сақтаңыз, дұрыс іс-әрекет сіздің және сіздің жақындарыңыздың өмірін сақтайды!
Сырдария ауданының төтенше жағдайлар бөлімі
13 наурыз 2018 ж. 1 216 0