Тәлімі мол тағылымды іс-шара

Өз заманында ерлік пен елдіктің мәселесін көтерген, білім саласының дамуына сүбелі үлес қосқан Мансұр Есназаров жайында мектеп оқушылары тереңнен ізденіп, кейіпкердің айшықты болмысын аша түскен. Өзі туған ауылға білім ошағын салып, онда 10 жылға жуық басшылық жасаған еңбек ардагерін талапкерлер жан-жақты суреттеген.
Ізгілікті іс-шарада білім қайраткері Мансұр Есназаров негізін қалаған орта мектептің тарихы мен жетістіктер бейнебаян арқылы көрсетілді. Сонымен бірге мектеп түлегі Аяжан Қайратқызы түсірген білім ұясының 90 жылдық мерейтойы жөнінде бейнебаян да көпшілік көңілінен шықты. Өз кезегінде қоғамдық кеңес төрағасы Сайлау Нұртаев, еңбек ардагері Итемір Пазылов ұстаздың елеулі еңбектерін тілге тиек етіп, тағылымға толы естеліктерін бөлісті. Келесі жылы 110 жылдығы тойланатын Мансұр Есназаров құрметіне ауылдағы орта мектепке есімін беру жөніндегі бастамаға ауыл тұрғындары қолдау көрсетіп келе жатқандығын жеткізді. Ал ұлағатты ұстаздың ізбасары Рахия Есназарова әулет мүшелерінің педогогикалық еңбек өтілі 560 жылды құрайтындығын, әке жолын жалғастыру ұрпақтарына аманат екендігін айтты. Ақын Нұрмат Мансұров құрметке лайық қайраткердің еңбегі алдағы уақытта кеңінен дәріптеле беретіндігін жеткізді.
Байқау қорытындысында 5-7 және 8-11 сынып оқушылары арасында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, арнайы «Диплом» және бағалы сыйлық табысталды.
Айта кету керек, Есназаровтар әулетінің атынан №137 орта мектепте география пәні сыныбын жасақтау үшін балаларды оқытуға арналған құрал-жабдықтар тапсырылды. Баланың білімін дамыту мақсатында пайданалатын құрал-жабдықтар сыйлағаны үшін көпшілікке пән мұғалімі Мұратбек Қарсақбаев алғыс айтты.
Балтабай ОРДАБЕКОВ