Жазғы мектеп ұйымдастырылады

Жазғы мектепті ұйымдастыру барысында жыл бойы қашықтан білім алған оқушыларға, әсіресе 6, 7, 8, 10 сыныптарға бағытталады. Сонымен қатар, ата-аналардың қалауы бойынша оқыту форматы (қашықтан, дәстүрлі) сыныбына қарамастан барлық оқушыларға ұйымдастырылады.
Жазғы мектептегі сабақтарға оқушылар еркін киім формасымен қатысады және оқушыларға үй тапсырмалары берілімейді. Сабақтың өткізу формасы мұғалімнің таңдауы бойынша жүргізіледі. Қамтылатын пәндер мен тақырыптарды ата-ана, оқушылар таңдайды.