Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Жазғы мектеп іске қосылады

Жазғы мектеп іске қосылады

Биыл тамыз айында білім және ғылым министрлігі жазғы мектепті іске қоспақ. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған онлайн брифингіде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз электрондық форматты құжат өткізу жүйесін ата-аналар үшін барынша ыңғайлы етіп жасадық. Білім және ғылым министрлігі мұндай қызмет түрін бірінші рет іске қосқандықтан, аяғына дейін жеткізуі керек біраз жұмыс бар», - деді ҚР БҒМ Білім беру цифрлық трансформациялау департаментінің директоры Қанат Кенбай.

Сондай-ақ, ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова 1-сынып оқушыларынан жазу, оқу, санауды біліп бару талап етілмейтінін айтты.

«1-сынып оқушыларынан жазу, оқу, санауды біліп бару талап етілмейді. Екіншіден, төтенше жағдай режимінің аяқталуына байланысты балабақшалар өткен жылғы оқу бағдарламасын қайталап оқытады. Одан бөлек, биыл тамыз айында білім және ғылым министрлігі жазғы мектепті іске қоспақ. Бұл айда төртінші тоқсанда оқылмай қалған тақырыптарды оқып, тапсырмаларды орындайды», - дейді ол.
03 маусым 2020 ж. 653 0