Басылым оқырманы 7 ардагерді газетке жазып берді

– Біздің тұрақты оқырманымыз, көңілі ақ, пейілі пәк Жадыра Бағдатова таңертең анасымен бірге редакцияға келіп, отбасының атынан 7 ардагердің мекен жайына аудандық газетті жаздыртып берді.
Кеше ғана "Бізге де демеушілер есебінен газет жаздыртып берсеңіз" деп бірнеше ардагер хабарласып еді. Міне, Жадыраның қолдауымен сол кісілердің ризашылығын алатын болдық.
Рамазан айында жасаған игі амалдарыңыз, дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Өзі қалада тұрса да жүрегі Тереңөзек деп соғатын, қолдан келсе бір кісіні қуантқысы келіп тұратын Жадыра секілді жерлестерімізден айналдық! Аман болайық, абыройлы болайық!– делінген жазбада.