Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Ұжым жігіттерін мерекемен құттықтады

Ұжым жігіттерін мерекемен құттықтады

Ер жігіт болып өмірге келген соң оның негізгі міндетіне елді қорғап, тыныштықты қамтамасыз ету жүктеледі. Осы жолда азаматтар жанын пида етіп, Отан үшін отқа түсуге дайын болуы керек. Оған дәлел ретінде кешегі қан майданда оқ пен оттың ортасында жүріп, елді қорғаған қаһармандарды айтуға болады. Жеңісті жұлып алып берген жауынгерлердің бүгінгі ізбасарлары да ел қорғаны болуда, бейбіт өмірде тыныштықты сақтауда елеулі қызмет көрсетуде.

Ұлы Жеңіс күні қарсаңында елімізде ер-азаматтардың құрметіне 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні ретінде белгіленген. Осы мерекеге орай бүгін Сырдария аудандық "Тіршілік тынысы" газеті ұжымының қыз-келіншектері редакция жігіттеріне құрмет көрсетіп, мерекемен құттықтады. Мерекелік лебіздерін білдіріп, сыйлықтар табыс етті.

Редакция жігіттері атынан ұжымның қыз-келіншектеріне алғысымызды білдіреміз.

06 мамыр 2021 ж. 525 0