Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Экологиялық акция өтті

Экологиялық акция өтті

Облыста 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Таза көлдер, өзендер және бұлақтар» атты экологиялық акциясы өтті. Шара «Киелі табиғат» экологиялық жобасы аясында ұйымдастырылды. Акцияға этно-мәдени бірлестіктер және олардың жастар қанаты өкілдері атсалысуда.

Акцияның аты айтып тұрғандай облыстағы су айдындарының айналасы қоқыстан тазартылды. Атап айтсақ, Қызылорда қаласы – Эдельвейс көлі, Сырдария ауданы – Қалғандария – Әйтек көлі, Арал ауданы – Райым көлі, Қазалы ауданы – Көне дария өзегі, Қармақшы ауданы – Сырдария өзені және Иіркөл көлі, Жалғаш – Қаншиелі көлі, Жаңақорған – Шұқырой көлі, Шиелі – Тауықкөл және Жамайка көлі.

Акцияға Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау мекесінің жүзден астам қызметкері атсалысуда. Олар 14 техника жұмылдырып, 3260 кг әртүрлі тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстар жинады.
02 мамыр 2021 ж. 1 024 0