Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

№ 31 газет

28 сәуір 2026 ж.

№30 газет

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Мониторингтік топ түсіндірме жұмысын жүргізді

Мониторингтік топ түсіндірме жұмысын жүргізді

Аудан көлемінде коронавирус індетіне қарсы мониторингтік топтармен күнделікті түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Осыған орай, І мониторингтік топ өкілдері аудан орталығындағы сауда орындары мен май құю бекетіне барып сақтық шараларын қатаң сақтауды ескертті. Түсіндірме жұмыстарының барысында топ өкілдері қазіргі аудандағы күрделі жағдайды атап, ара қашықтықты сақтап, үнемі маскалық режиммен қызмет көрсетуді атады.

Айта кетейік, ауданның "қызыл" аймаққа енуіне байланысты аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қ.Омарованың №1 Қаулысы шығып, бірқатар шектеу шаралары енгізілді. Сол бойынша шектеу шараларына мойынсұнбаған адамарға тиісті әкімшілік хаттамалар толтырылуда.

Саулық - сақтықта екенін естен шығармағанымыз абзал.

Ердос БЕРКІНБАЕВ
30 сәуір 2021 ж. 618 0