Әлемдік агробизнес Астанада бас қосады
21-23 қазан күндері Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығында ExpoGroup компаниясының ұйымдастыруымен KazAgroFarm-2026 халықаралық көрмесі өтеді. Биыл көрмеге әлемнің 25 елінен 300-ден астам компания қатысып, агроөнеркәсіп кешеніне арналған озық технологиялар мен заманауи шешімдерді ұсынады.Бір алаңда Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Құрылтай депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, шетелдік делегациялар мен дипломатиялық миссиялар, халықаралық сарапшылар, әлемдік агробизнес өкілдері және еліміздің фермерлері бас қосады. KazAgroFarm-2026 ауыл шаруашылығы саласының келешегін айқындайтын маңызды кәсіби алаңға айналмақ.
Дәстүрлі түрде KazAgroFarm-2026 экспозициясы аграрлық саланың екі негізгі бағытын біріктіреді. KazAgro өсімдік шаруашылығының толық циклін – тұқым мен өсіру технологияларынан бастап, өнімді жинау мен сақтауға дейінгі үдерістерді қамтиды. Ал KazFarm мал шаруашылығының генетика мен асылдандыру жұмысынан бастап, ет пен сүт өндіру және дайын өнім шығаруға дейінгі бағыттарын ұсынады.
Осылайша, екі бағыт заманауи агроөнеркәсіп кешенінің іс жүзінде барлық негізгі буынын қамтиды. Бұған қоса, көрмеде цифрландыру, автоматтандыру, жасанды интеллект, роботтандыру және дәлме-дәл егіншілік саласындағы шешімдер таныстырылады. Бүгінде дәл осы технологиялар агробизнестің даму қарқынын айқындап отыр.
Көрменің басты ерекшеліктерінің бірі – оның халықаралық ауқымы. Астанаға 25-тен астам елдің компаниялары, әлемге танымал брендтердің басшылары мен топ-менеджерлері, шетелдік делегациялар, дипломатиялық және сауда миссияларының өкілдері келеді.
Қатысушылар үшін бұл – шетелдік компаниялар мен халықаралық сарапшылармен тікелей байланыс орнатуға, жаңа іскерлік серіктестер табуға, келіссөздер жүргізуге және өзара ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін талқылауға арналған тиімді алаң.
Көрменің іскерлік бағдарламасы мемлекеттік органдарды, бизнес өкілдерін, салалық ұйымдар мен халықаралық сарапшыларды біріктіреді. Негізгі іс-шаралардың бірі – қазақтың ақбас тұқымының 75 жылдығына арналған «Ақбас» қазақтың ақбас тұқымы күні болады.
Сонымен қатар бағдарлама аясында агроөнеркәсіп кешенін дамытудың өзекті мәселелеріне арналған панельдік сессиялар, семинарлар, конференциялар мен кәсіби кездесулер өтеді. Шетелдік дипломатиялық миссиялардың қатысуымен де бірқатар іс-шара ұйымдастыру жоспарланған. Олардың қатарында Чехия, Нидерланд, Германия, Иран, Беларусь және басқа елдердің елшіліктері бар.
Фермерлер үшін KazAgroFarm-2026 – бір сапар барысында шаруашылыққа арналған заманауи шешімдерді көруге, өндірушілермен және сарапшылармен тікелей сөйлесуге, жаңа технологиялармен танысуға және әлеуетті серіктестер табуға мүмкіндік.
KazAgroFarm-2026 көрмесі 21-23 қазан күндері Астана қаласындағы EXPO халықаралық көрме орталығында өтеді. Мекенжайы: Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1. Келушілер үшін кіру тегін.
Толық ақпаратты ұйымдастырушылардан алуға болады:
Моб.: +7 (701) 216-22-91
Моб.: +7 (701) 958-29-73
E-mail: project@expogroup.kz
E-mail: manager@expogroup.kz
Сайттар: kazagroexpo.kz, kazfarm.kz
Instagram: @expogroupkaz










