Жедел штаб отырысы өтті
Аудан әкімі Талғат Дүйсебаевтың төрағалығымен ауданның «Қызыл» аймаққа енуіне байланысты жедел штаб отырысы өтті.
Отырыста аудан басшысы ауданда эпидемиологилық ахуал күрделі екенін атап, тұрғындардың сақтық шараларының сақталуына күшейтілген жұмыстарды жүргізу керектігін атады. Сондай-ақ аудан көлемінде бірқатар карантиндік шектеулер енгізу керектігіне тоқталып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмаларды жүктеді.
Штаб отырысында аудан көлемінде «Covid-19» індеті бойынша эпидемиологиялық ахуал жөнінде аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Құралай Омарова хабарлама жасады. Ол аудандағы жағдайға байланысты арнайы шаралар қабылданатынын жеткізді.
Айта кетейік, 2021 жылдың 14 сәуірінен бастап Сырдария ауданы «Қызыл» аймаққа енді. Соған байланысты ауданда карантиндік талаптар күшейтілуде.
Ердос БЕРКІНБАЕВ