Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№75 газет

03 қазан 2026 ж.

№74 газет

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 газет

26 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Білім мекемелерінде санитарлық талап сақталған ба?

Білім мекемелерінде санитарлық талап сақталған ба?

Ауданда карантиндік талаптардың сақталуына байланысты 3 мониторингтік топ құрылған. Мониторингтік топтар пандемия басталғалы бері карантиндік шектеулердің сақталуына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, әлеуметтік нысандарды аралауда.

Қазіргі таңда елімізде коронавирустық инфекцияның таралуы қайта өршуде. Сондықтан сақтық шараларына аса мән беру керек. Осыған орай, мониторингтік топтар аудандағы білім мекемелерін аралап, карантиндік талаптардың сақталуына қадағалау жүргізді.

Бүгінде ауданда 4 мектепте дәстүрлі түрде сабақ жүргізілуде. Қалған 13 мектептің мектепалды даярлық, 1-5 және 9, 11 сынып оқушылары кезекші топтар құру арқылы оқытылуда. Кезекші сыныптарда санитарлық талаптар сақталған. Мектептер мен балабақшалар санитайзерлермен қамтамасыз етілген.

Мониторингтік топ мүшелері ара қашықтықты сақтап, қорғаныш құралдарын үнемі қолдануды ескертті.

28 қаңтар 2021 ж. 845 0