Сақтық шараларын сақтайық!
Сырдария ауданы бойынша бүгінгі күнге коронавирус инфекциясымен нақтыланған - 112 жағдайы есепке алынып отыр. Бұл қауіптің жоғары екенін білдіреді.
Эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуіне орай 2021 жылдың 22 сәуірінен бастап Қызылорда облысы «Қызыл аймаққа» енді.
Осыған байланысты, Сырдария ауданы әкімінің 2021 жылғы 2 сәуір күнгі «Мониторингтік жұмыс тобын құру туралы» №61-Ө өкіміне сәйкес аудан аумағында мониторингілеу мақсатында құрылған ІІ топ мүшелері мониторинг жұмыстарын тұрақты күнделікті жалғастырып келеді.
Мониторинг топ жұмысы Іңкәрдария, Ақжарма ауылдық округтерінде жалғасты. Топ мүшелері ауылдағы барлық дүкендерді аралап, індеттің алдын алуға байланысты бетперде, медициналық қолғап, антисептик болуы міндеттелгендігі және адам денсаулығы бірінші орында екендігін ескертіп, аудан бойынша эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуін ескере отырып, карантин талаптарын қатаң сақтап, сақтық шараларын ұстануға шақырды!