Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Аманкелдіде карантин талаптары бақылауда

Аманкелдіде карантин талаптары бақылауда

Сырдария ауданы әкімінің 2021 жылғы 2 сәуір күнгі «Мониторингтік жұмыс тобын құру туралы» №61-Ө өкіміне сәйкес, Аманкелді ауылдық округі бойынша мониторингілеу мақсатында құрылған мобильді топ мүшелері карантиндік шектеулердің сақталуына байланысты ауылдық округте орналасқан дүкендерді аралады.

Елді мекендегі барлық кәсіпкерлерге қара індеттің алдын алуға қатысты бетперде, медициналық қолғап, антисептик болуы міндеттелгендігі және сауда жасаушы тұрғындарға да нұсқама берілуі туралы тапсырып, мобильді топ мүшелері түсіндірме жұмыстарын толыққанды жүргізді.

– Құрметті ауыл тұрғындары карантин талаптарын қатаң сақтауды ескертеміз. Той мен отбасылық жиынды үзілді-кесілді тоқтатуға кеңес береміз.


Өз денсаулығыңыз – өз қолыңызда. Осыған байланысты тыйым салынған шараларды өткізбеңіздер, – деді мобильді топ мүшелері.
14 сәуір 2021 ж. 725 0