Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Қарантин талаптары түсіндірілді

Қарантин талаптары түсіндірілді

Эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуіне орай 2021 жылдың 14 сәуірінен бастап Сырдария ауданы «Қызыл аймаққа» енді. Бұл қауіптің жоғары екенін білдіреді.

Осыған байланысты, Сырдария ауданы әкімінің 2021 жылғы 2 сәуір күнгі «Мониторингтік жұмыс тобын құру туралы» №61-Ө өкіміне сәйкес аудан аумағында мониторингілеу мақсатында құрылған ІІ топ мүшелері мониторинг жұмыстарын жалғастыруда.

Мониторингтік топ жұмысы барысында Батыс Еуропа - Батыс Қытай авто жолының бойында орналасқан "Рахон" сауда дүкенінің және "Керуен" дәмханасының сатушылары санитарлық талаптарын орындамағаны анықталып, хаттама толтырылып аудандық емхананың жанынан құрылған үйлестіру кеңесіне тиісті құжаттары жолданды.
19 сәуір 2021 ж. 712 0