Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№83 газет

03 қараша 2026 ж.

№82 газет

29 қазан 2026 ж.

№81 газет

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Сақтық шараларын күшейту маңызды

Сақтық шараларын күшейту маңызды

Эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуіне орай 2021 жылдың 14 сәуірінен бастап Сырдария ауданы «Қызыл аймаққа» енді. Бұл қауіптің жоғары екенін білдіреді.

Осыған байланысты, Сырдария ауданы әкімінің 2021 жылғы 2 сәуір күнгі «Мониторингтік жұмыс тобын құру туралы» №61-Ө өкіміне сәйкес аудан аумағында мониторингілеу мақсатында құрылған ІІ топ мүшелері кент орталығында дүкендерде түсіндірме жұмыстарын жалғастыруда.

Індеттің алдын алуға байланысты бетперде, медициналық қолғап, антисептик болуы міндеттелгендігі және адам денсаулығы бірінші орында екендігін ескертіп, карантин талаптарын қатаң сақтауға мобильді топ мүшелері 2021 жылдың 14 сәуіріндегі Сырдария ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушысының №1 қаулысымен таныстыра келе тиісті тапсырмалар беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
15 сәуір 2021 ж. 664 0