Түсіндірме жұмыстарын жүргізді
Қауіпті індеттің таралу көрсеткіші айтарлықтай төмендеген соң мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде сақтық талаптары сақталып, жұмыс жасалуда. Мұнда кезекші топтар ұйымдастырылып, бүлдіршіндерге тәрбие беру жұмыстары өз жалғасын табуда. Осы орайда жұқпалы індеттің таралмауы және бүлдіршіндердің қауіпсіздігі үшін аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Карантиннен кейін кезекші топтардың жұмыстарын үйлестіру үшін Қазақстан Республикасы мемлекеттік санитариялық Бас дәрігерінің №47 «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы № 43 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысының №14 қосымшасы бекітілген. Осыған байланысты мамандар аудандағы 22 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына барды. Онда «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде мектепке дейінгі балалар ұйымдарына қойылатын талаптар» бойынша қызметкерлер арасында ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ тәрбиешілерге сақтық шараларын сақтауға қатысты қойылатын талаптар туралы жадынамалар таратылып, қажетті әдістемелік-методикалық көмектер көрсетілген.
Гүлсім ӘЛЖАНОВА