Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

№ 31 газет

28 сәуір 2026 ж.

№30 газет

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Жалған ақпарат!

Жалған ақпарат!

Бүгінгі күні «Whatsapp» әлеуметтік желісі арқылы тұрғындар арасында «Сырдария ауданында блок-бекет қойылды» деген ақпараттар тарауда.

Баса айту керек, Сырдария ауданы 2021 жылдың 14 сәуірінен бастап «Қызыл» аймаққа енді. Осыған орай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қ.Омарованың №1 Қаулысы шықты. Қаулыда бірқатар шектеу шаралары енгізілді. Дегенмен, Сырдария ауданында блок-бекеттер қойылған жоқ.

Ал, түрлі желілер арқылы тараған фотосуретте «Терең-өзек кен орны» деп көрсетілген. Алайда, бұл Каспий маңы ойысының оңтүстік-шығыс ернеуі маңындағы Тереңөзек мұнай кен орнына қатысты. Сондықтан «Сырдария ауданында блок-бекет қойылды» деген ақпараттың ЖАЛҒАН екенін хабарлаймыз.
15 сәуір 2021 ж. 839 0