Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

№ 31 газет

28 сәуір 2026 ж.

№30 газет

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Қайырымдылық – ізгіліктің көрінісі

Қайырымдылық – ізгіліктің көрінісі

Әйтеке би: «Батыр болсаң жауыңа найзаң тисін, Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін» десе, Шағырай шешен: «Бар-жоғына қарамас, Анық жомарт, ер кісі» дейді.

Қайырымдылық – адам бойындағы асыл қасиет. Кісі адамгершілігі мен иманы, мейірімділігі мен жан жылуы молдығының көрінісі.

Ал Атымтай жомарт жандар бүгінгі күні көбейіп келеді. Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты, ауданымызға белгілі кәсіпкер Расул Есеновтің қолдауымен Сырдария аудандық фтизиопульмонология ғимаратынан ашылған Коронавирус инфекциясын жұқтырған және күдікті белгілері бар пациенттерді емдеу бөлімшесіне 3 дана аристон жеткізілді.

Халық қалаулысының осындай қиын сәтте ел-жұртына көмегін аямауы оның туған жерге деген шынайы жанашырлығын білдіреді.

Бұған дейін де игі істердің көшін бастап жүрген Расул Әбутәліпұлының бұл қайырымдылығы ауданымыздағы өзге кәсіпкерлер мен шаруашылық төрағаларына үлгі.

Аружан МҰХАНБЕТҚАЛИ
07 сәуір 2021 ж. 544 0