Бақдәулет Мақашев Сырдария ауданындағы 100 отбасыға көмек көрсетті
Бүгін Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты, «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» Бақдәулет Мақашев Сырдария ауданындағы аз қамтамасыз етілген 100 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетті. Рамазан айының және Бірлік күні мерекесінің құрметіне үйлестірілген игі шара Тереңөзек кентінің О.Мәлібаев мөлтек ауданында және Қалжан ахун ауылдық округінде ұйымдастырылды.
Қайырымдылық көмек Nur Otan партиясының #Bizbirgemiz акциясы аясында өткізілді. Бұл жолғы көмек аз қамтамыз етілген отбасыларға, оның ішінде ардагерлерге, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және көпбалалы аналарға берілді. Үлкен қорап пен пакетке салынған қайырымдылық кәрзеңкесінде күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түліктер бар.
– Халқымызда «Қолы ашықтың – жолы ашық», «Жомарттың аты арып, тоны тозбас», деген ғибратты сөздер бар. Осы даналық сөздерге сай амал ету жаһан жұртын жайлаған коронавирус індеті кезінде өте қажет. Тарыққан отбасыларға рухани һәм материалдық демеу көрсету мақсатында бүгін Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты, «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» Бақдәулет Мақашев қайырымдылық көмек көрсетуде. Сыр өңірінің дамуына айрықша үлес қосып келе жатқан абзал азамат әр кез қайырымды істерімен ерекшеленіп, өзге әріптестеріне үлгі көрсетіп келеді. Елде төтенше жағдай жарияланған тұста
Қызылорда облысындағы әлеуметтік жағдайы төмен 800-ге жуық отбасыға азық-түлік түрлерін берді. Бүгін Тереңөзек кентінің және Қалжан ахун ауылының 100 отбасына қолдау көрсетіп отыр. Nur Otan партиясының аудандық филиалы төрағасының және партия белсенділерінің атынан ризашылығымызды білдіреміз. Рамазан айында жасаған игі ісі мол сауап болып жазылсын, ниеті қабыл болсын, – деді Nur Otan партиясының Сырдария аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Еркебұлан Жақып.
Қызылорда облысындағы әлеуметтік жағдайы төмен 800-ге жуық отбасыға азық-түлік түрлерін берді. Бүгін Тереңөзек кентінің және Қалжан ахун ауылының 100 отбасына қолдау көрсетіп отыр. Nur Otan партиясының аудандық филиалы төрағасының және партия белсенділерінің атынан ризашылығымызды білдіреміз. Рамазан айында жасаған игі ісі мол сауап болып жазылсын, ниеті қабыл болсын, – деді Nur Otan партиясының Сырдария аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Еркебұлан Жақып.
Қайырымдылық көмекті иеленген көп балалы ана Айсұлу Байтілеуова жомарт кәсіпкерге алғысын білдірді.
– Елдің бірлігі мен ынтымағы сыналар сәтте Бақдәулет Мақашев секілді қайырымды жандар барымен бөлісуге асығып жатыр. Ел азаматтары осылай елге, халыққа қызмет ете берсін. Біз жаны жомарт, көңілі жайсаң жандарға әрқашан тілекшіміз. Жұмыстары жемісті болсын. Бұрын Бақдәулет Еркінбекұлының игі істерін, қайырымдылық шараларына жасаған қолдауларын аудандық газеттен оқитын едік. Енді міне өзіміз көмегін сезініп жатырмыз. Алғыстан басқа айтарымыз жоқ, ниеті қабыл болғай, – деді көпбалалы ана. Аз қамтамасыз етілген отбасының мүшесі Бауыржан Қоқымбаев та осы тілекке қосылып, риясыз ризашылығын білдірді.
Ал, Қалжан ахун ауылында көмекті алған 50 отбасының атынан еңбек ардагері Болат Дүйсенбаева кәсіпкерге ақ батасын берді. Ел-халыққа жасап жатқан игі ісінің жемісті болуына тілектестігін білдірді.
Өз кезегінде Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты, «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» Бақдәулет Мақашев қайырымдылық шаралары жалғасын таба беретінін айтты. Жұртшылықты төтенше жағдай талаптарын сақтап, карантиндік сақтық шараларын ұстануға шақырды. Сонымен бірге Рамазан айымен және Бірлік күні мерекесімен құттықтады.
Айта кету керек, кәсіпкер бұған дейін де республикалық #Bizbirgemiz қайырымдылық акциясына үн қосып, 100 отбасыға көмек көрсеткен болатын. Мұнан бөлек Айдарлыдағы аз қамтамасыз етілген 25 отбасыға да қолдау көрсетті. Мұның бәрі оның елжандылығын, жомарттығын және ел-халықпен бірге екенін білдіреді. Осындай сындарлы кезеңде «Құрметті азамат» атағын иеленген азаматтардың бәрі Бақдәулет Мақашев секілді ел-халыққа жақын болса, қолдан келген көмегін аямаса деген ой келеді...
Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ