Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 76 газет

07 қазан 2025 ж.

№ 75 газет

04 қазан 2025 ж.

№ 74 газет

30 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » «Antikor Ortalygy» сервистік орталығында кездесу өтті

«Antikor Ortalygy» сервистік орталығында кездесу өтті

Бүгін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің «Antikor Ortalygy» сервистік орталығында Қызылорда қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының жеке құрамымен кездесу өтті.

Кездесу барысында департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері Баймаханов Ануар Аймырзаұлы ұжымда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңашылдықтары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Өз кезегінде Қызылорда қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Түйменов Жасұлан Қалдыбайұлы сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептердің алдын алу мақсатында 2021 жылғы атқарылған жұмыстары бойынша хабарлама жасады.
07 сәуір 2021 ж. 582 0