Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Олжас Абайұлы «Antikor Ortalygy» сервистік орталығында болды

Олжас Абайұлы «Antikor Ortalygy» сервистік орталығында болды

Бүгін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Абайұлы Бектенов Қызылорда өңіріндегі сапары барысында «Antikor Ortalygy» сервистік орталығында болды.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасарының міндетін уақытша атқарушы Ғалия Ұбайдуллақызы Әлімқұлова сервистік орталықтың жұмыс барысымен таныстырды.

«Antikor ortalygy» азаматтарды толғандыратын мәселелер бойынша құқықтық көмек алу, сондай-ақ, жемқорлық індетін жоюға жұмылуға дайын жұртшылықтың бас қосатын орталығы болып табылады.

Ғалия Ұбайдуллақызы - Қабырғалары әйнекпек жабдықталған департамент қызметкерлерінің кабинеттерін көрген қонақтар — бұл бастамалардың ашықтық пен сенімділікті қамтамасыз ететінін атап өтті.

Қонақтарға тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, мемлекеттік қызметті алу кезінде қолайлы жағдайлар жасау және қоғамдық бақылаудың іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында департамент жанынан құрылған жобалық кеңселердің атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырды.

Сыр өңірінде парасаттылық идеологияның драйвері болып табылатын Арнайы мониторингтік топ, «Ақмешіт – Адалдық алаңы», Ақпараттық-ағартушылық штаб мүшесі, «Адал Ұрпақ», «Саналы Ұрпақ», «Парасатты жол», жобалары жүзеге асырылуда.

Олжас Абайұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қызметіндегі ашықтық пен қоғаммен сындарлы ынтымақтастықты қамтамасыз етудегі жұмысына оң бағасын берді.
12 наурыз 2021 ж. 553 0