Сыбайластыққа барғандарға қандай жаза қолданылады?
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті «Облыстық патология-анатомиялық бюросы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ұжымы мен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында кездесу өткізді.
Отырысқа Департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының бас маманы Н.Жакудаев, аталған кәсіпорын ұжымы мен бас дәрігері Б.Жолмурзаев қатысты.
Кездесу барысында, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтің «Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойғандығы, Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет басшылардың қол астындағы қызметкерлері үшін жауапкершілігі заңнамалық деңгейде бекітілгеніне» байланысты баяндама оқылып, қатысушылардан туындаған өзекті сұрақтарға жауаптар берілді.