Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 76 газет

07 қазан 2025 ж.

№ 75 газет

04 қазан 2025 ж.

№ 74 газет

30 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Сала басшылары тікелей эфирге шықты

Сала басшылары тікелей эфирге шықты

Бүгін «Antikor Ortalygy» сервистік орталығында «Байқоңыр» (Байконур) әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ мен Қызылорда Электр тарату тораптары компаниясы АҚ басшылығының қатысуымен тікелей эфирлер өтті.

Эфир барысында аталған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылығы 2020 жылы атқарылған жұмыстары бойынша, оның ішінде ұжымда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстар жайлы, сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаулардың қорытындылары байынша қысқаша хабарламалар жасады.

Сонымен қатар, департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Әлімқұлова Ғалия Ұбайдуллақызы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңашылдықтары туралы ақпараттар беріп, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын ұйымдастыру туралы Агенттікпен әзірленген  әдістемелік нұсқаулармен таныстырды.

Шара соңында эфир барысында көрермендерден түскен сауалдарға жауаптар берілді.
15 ақпан 2021 ж. 674 0