Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Редакция ұжымы облыс әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды

Редакция ұжымы облыс әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара наушақызы Әбдіқалықова Сырдария аудандық «Тіршілік тыны­сы» газетінің ұжымын «Алғыс хатпен» марапаттады. Мерейлі марапатты «Сыр медиа» серіктестігінің бас директоры Аманжол Оңғарбаев серіктестіктің алқа мәжілісінде аудандық газеттің бас редакторы Ақтөре Ибрагимұлына табыстады.

Серіктестік бас директоры аудандық газет редакциясының атқарған жұмысын саралай келе, ұжымның соңғы жылдардағы жүйелі жұмысын жоғары бағалады. Оның ішінде қаңтар айында өткен саяси маңызды науқанға байланысты ақпараттандыру жұмыстарын сырдариялық тілші­лердің жоғары деңгейде жүргізгенін ерекше атап өтті. Сондай-ақ бас директор шығармашылық ұжымға еңбекте жеміс пен сәттілік тіледі.

Атап өту керек, аймақ басшысының іргелі ұжымға алғысы қаңтар айында өткен сайлау қорытындысы бойынша берілуде.

«2021 жылғы 10 қаңтарда өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын сайлау науқанын өткізуге белсенді қатысқандарыңыз үшін Сіздерге алғыс білдіремін. Алдағы уақытта да күш-жігерлеріңізді еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуына жұмсай береді деп сенемін. Мемлекет мүддесі жолындағы еңбектеріңізге табыс, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілей­мін» делінген облыс әкімінің алғысында.

Аймақ басшысының алғысы – редакция қызмет­керлерінің ғана емес, жергілікті газеттің тұрақты оқырмандарының да мерейі. Бұл марапат тілшілерге серпіліс сыйлап, алдағы уақытта нәтижелі еңбек етуіне негіз болары анық.

«ТТ» ақпарат
09 ақпан 2021 ж. 527 0