Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғындар мәселесі шешілді

Тұрғындар мәселесі шешілді

Сырдария аудандық мәслихатының депутаты, аудандық мәслихаттағы "Nur Otan" партиясының фракция мүшесі Ақтөре Ибрагимұлы жетекші партияның аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде жеке және заңды тұлғалар өкілдеріне арнап қабылдау өткізді.

Қоғамдық қабылдауға екі азамат жазылса, оның біреуі Шаған ауылынан келді. Ол жұмысқа орналасуға көмек сұрап, бұл мәселе аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы оңтайлы шешілді.

Қабылдауға келген екінші азаматша С.Қуандықова депутаттың БАҚ саласында жұмыс істейтініне байланысты ақпараттық қолдау көрсетуін сұрады. Атап айтқанда, аудандық газеттен "Музей мұрағатынан" атты тұрақты айдар ашуды ұсынды. Бұл мәселе бойынша аудандық мәслихат депутаты А.Ибрагимұлы түсіндірме жүргізіп, мақалалар топтамасын ұйымдастыруға болатынын, бірлесе жұмыстар жүргізілетін жеткізді.

Осылайша, қоғамдық қабылдауға келген екі азаматтың мәселесі нәтижелі шешілді. Қоғамдық қабылдау қорытындысында А.Ибрагимұлы адағы уақытта да жеке және заңды тұлғалар өкілдеріне арнап қабылдау өткізетінін жеткізді.

05 ақпан 2021 ж. 492 0