Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жауынгерлер оқ атып көзге түсті

Жауынгерлер оқ атып көзге түсті

Қызылорда гарнизоны әскери бөлімінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен нормаларды сақтай отырып, жаңа оқу кезеңінің жауынгерлік әзірлік жоспарына сәйкес бөлімшелер мен шағын топтардың жауынгерлік атыстары жүргізіліп жатыр.

Қызылорда гарнизоны әскери бөліміндегіатысқа тартылған барлық бөлімшелер мен есептоптардың жаттығулары жауынгерлік дайындықтың жоғары деңгейіне келтіру арқылы басталды. Оқу-жауынгерлік тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында бөлімшелердің жеке құрамы оқу-жаттығу алаңына жол тартып, тактикалық дайындық бойынша нормативтерді орындау бойынша шеберліктерін шыңдады.

Негізгі мақсат – бөлімше мен шағын топ командирлерінің жауынгерлік ұрыста және жоспар бойынша кенеттен туындаған жағдайлардадұрыс шешім қабылдауын, сондай-ақ оларды басқаруын тексеру.

Осы уақытта бөлімшелер мен шағын топтардың теориялық және практикалық сабақтары аяқталып, барлау бөлімшелерінің күндізгі және түнгі уақыттағы штаттық қарудан жауынгерлік атыстары жүргізілуде.Барлау бөлімшелерінің жауынгерлік атыстарын сапалы жүргізу мақсатында барлау роталарының командирлері «Тосқауылдағы бөлімше», «Ерекше жағдайдағы қорғаныстағыбөлімше» тақырыптарынданұсқаулық-әдістемеліксабақтарын өткізуде. Сонымен қатар, әуедегі қарсылас, диверсантты-барлау топтарының шабуылдары кезіндегі және залалсыздандырылмаған аймақты жүріп өтудегі қимылдарды да меңгерді.Бірінші күннен бастап барлық бөлімшелер өз белсенділіктерін көрсете бастады.

«Оқу-жаттығу кезінде бөлімшелер қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып, тактикалық іс-қимылдардың дұрыстығына, ұрыста штаттық қаруды шебер, әрі тиімді пайдалануға айрықша назар аударды. Үздік кіші топтар да анықталып жатыр. Жаттығулар жауынгерлік ұрыс қимылдарына барынша жақын жүзеге асырылуда», –дейді арнайы мақсаттағы амфибиялық барлау ротасының командирі, капитан Вадим Федосеев.

Атап айтсақ, бөлімшелердің жауынгерлік атыстары жеке құрамның теориялық білімдерінің нығаюына, жаңа қосылған жауынгерлердің тәжірибе алмасуына және жалпы роталардың қызметтік міндеттерін сапалы орындауына оң ықпал ететіні сөзсіз.


Мұхит Қонаров,
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы,
сержант 
02 ақпан 2021 ж. 569 0